12
Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 12:02

Қалай жақсы оқушы атанды?

| Автор: 

Ойнап жүрген Тышқан көзілдірік тауып алды. Ол дереу ініне келіп анасына:
— Анашым, мынаны қара, — деп көзілдірікті көрсетті.
—Бұны қайдан алдың?—деп сұрады анасы. —Тауып алдым, — деді баласы.
— Бұның не екенін білесің бе? — деп анасы сынайқарады.
— Жоқ, бұл не, әйнек пе? — деп баласы көзілдірікті айналдырып қарады.
— Сабақты үнемі жақсы оқып жүретін, тәртіпті балалардың досы, көзіне киетін дүниесі. Байқаусызда түсіп қалған ғой. Алған жеріңе апарып таста. Кейін иесі сол жерден іздеп тауып алады,—деді ана.

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 11:02

Құмырсқа мен шегіртке

| Автор: 

Баласын жем іздеуге баулып жүрген Құмырсқа пісіп тұрған бидайдың басын иіп алып жеп тұрған шегірткеге кез болды. Онымен:

— Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен еңбек етіп пісірген бидайын сен қалай рахаттанып жеп тұрсың? — деп сұрады.

— Осыншама жерді алып жатқан бидайдың бір түйірін жесем Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ,—деп жауап берді Шегіртке. Бастары жұлым-жұлым боп қалған бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша- паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.