12
Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 12:02

Қалай жақсы оқушы атанды? Таңдаулы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(2 дауыс)

Ойнап жүрген Тышқан көзілдірік тауып алды. Ол дереу ініне келіп анасына:
— Анашым, мынаны қара, — деп көзілдірікті көрсетті.
—Бұны қайдан алдың?—деп сұрады анасы. —Тауып алдым, — деді баласы.
— Бұның не екенін білесің бе? — деп анасы сынайқарады.
— Жоқ, бұл не, әйнек пе? — деп баласы көзілдірікті айналдырып қарады.
— Сабақты үнемі жақсы оқып жүретін, тәртіпті балалардың досы, көзіне киетін дүниесі. Байқаусызда түсіп қалған ғой. Алған жеріңе апарып таста. Кейін иесі сол жерден іздеп тауып алады,—деді ана.


— Апарып тастаймын, — деген Тышқан көзілдірікті орнына апармады. Оны есік алдындағы тастың қуысына жасырып қойды.
Осы күннен бастап Тышқанның мінезі күрт өзгерді. Таңертең ерте тұрып жасырынып барып көзілдірікті бір киеді де, орнына қайта тығып қояды. Көзілдірік Тышқанның көзін тартып, басын айналдыратын еді. Ол бұны дұрыс сабақ оқымаған соң көзілдірік көзімді тартып жүр деп түсінді. Күнде күнде сабаққа мұқият дайындалатын болды. ¥зақ уақыт кітап оқып отырады. Тышқанның бұл қылығына үй ішіндегілер де таң-тамаша. Бірте-бірте Тышқан әбден оқымысты болып алды. Екі қолынан кітап түспеді.
Бір күні анасы Тышқанның қуыстағы көзілдірікті алып жатқанын көріп қалды. Ол жалма-жан:
— Мына көзілдірікті апармағансың ба? деп кейіді.
— Апа, мен де жақсы оқушы болғым келеді. Сондықтан көзілдірікті орнына апармадым, —деді баласы.
Баласының сөзіне түк түсінбеген ана:
—Жақсы оқушы болуға көзілдіріктің қандай қатысы бар?—деп таң қалды.
— Мен сабақты дұрыс оқымағаным үшін көзілдірік мені жек көреді. Кисем болды басымды айналдырып, жүрегімді алады.Мен көзілдірікпен достасып, үздік оқушы атану үшін үнемі сабақты жақсы оқып жүрмін. Көзілдірік менің көзімді ауыртуын қоям дегенше сабақты оқыған үстіне оқи беремін. Сөйтіп онымен қалайда достасамын, — деді Тышқан бұртиып.
— Томпағым менің, — деген ана еріксіз күлді. Баласының жақсылыққа ұмтылған қадамын құптады. Оған көзілдірік туралы әңгімелеп, түсіндіріп берді.
Өзінің жэй айта салған сөзі балаға үлкен ой тастайтынын ана осы жолы түсінді. Осы оқиғадан кейін ол баласына тек жақсы сөз айтатын болды.

Оқылды: 556 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Құмырсқа мен шегіртке Байланыс »

1 пікір

  • Пікір жазу furtdso linopv Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 19:28 жазған furtdso linopv

    Woah! I'm really loving the template/theme of this site. It's simple, yet effective. A lot of times it's hard to get that "perfect balance" between superb usability and visual appearance. I must say that you've done a excellent job with this. Additionally, the blog loads extremely quick for me on Firefox. Excellent Blog!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған