Қателік
  • Материал табылмады
Сәрсенбі, 09 Тамыз 2017 15:29

Аялы маған алақаны анамның

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мен сүйікті журналым «Балалар әлемімен» өзімнің жақсы жаңалықтарыммен бөліскім келеді. Балалар шығармашылығын дамыту, қолдау және олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Нұрлы жастар» республикалық орталығы 2016 жылы қазан айының 24-27 аралығында Алматы қаласында республикалыцқ «Жастар жаққан жұлдыз» шығармашылық конкурсын ұйымдастырған болатын. Байқауға қатысқан өнерлі балалар шығаршылық жетістіктерімен алмасты. Конкурс қорытындысы бойынша мен көрме номинациясында II дәрежелі лауреат дипломымен марапатталып, медальға ие болдым. Байқау балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеуде маңызы зор шара болды деп есептеймін. 2017 жылдың 20-наурызында «Аялы маған алақаны анамның» атты балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық көркем сөз, ән-би, шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың анаға деген махаббатын арттырып, ана мейірімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана алдындағы балалық парызды ұғындыру. Байқауға еліміздің барлық өңірінен көркем сөз оқу шеберлігін игерген, дәстүрлі ән орындайтын әнші, биші, ақын, қандай да бір аспапта ойнайтын талантты оқушылар қатысты. Мен өз мектебім атынан көркем сөз номинациясы бойынша қатысып, үздік деп танылып, 1-жүлдеге ие болдым, дипломант атандым. Мені өнерге баулып, бойымдағы дарынымды жетілдіріп жүрген, Жүсіп Баласағұнның: «Әр бала жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген сөзін ұстанатын ұстазым, сынып жетекшім Жүнісова Фариза Тілеуқабылқызына алғысым шексіз. Мен алдағы уақыттарда да білім мен өнердің биік шыңдарын бағындырамын деп сенемін.

Ким Томирис
№177 жалпы білім беру мектебі
2 «в» сынып оқушысы, Алматы қаласы

Оқылды: 1285 рет

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Danishpan сайты (admin)