Danishpan сайты (admin)

Danishpan сайты (admin)

Эл. жәшік: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 14:38

Байланыс

Байланыс

Астана қаласы, Кенесары көшесі 74 


Тел: 87087740370, 87055881210


Emailinfo@danishpan.kz

           

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 15:05

Раndа-мен бірге ағылшын үйрен!

КіріспеНеllо достар. Қалдарың қалай? Иә, дәл солай ағылшынша сәлем деген сөзбен таныс шығарсыңдар. Менің атым — Раndа. Мен ағылшынша үйреніп жүрмін. Өйткені ағылшын тілі қай жаққа барсақ та керек болады. Бұл журналдағы қызық тапсырмалар жаңа сөздерді үйренуге, ағылшын тілінде сөйлеуге, жаңа ойындарды үйренуге көмектеседі. Әртүрлі диалог және сөйлемдерді есте сақтап қалуға көмектеседі. Сонымен қатар біз сүйікті мультфильмдерімізді ағылшын тілінде көре беретін боламыз. Бұл ғажап емес пе, достар? Ендеше кім менімен бірге ағылшын тілін үйренгісі келеді? Ол үшін осы журналдағы қызықты ойындарды бірге ойнап, тапсырмаларды орындап, сөздерді жаттау керек. Жаңа достар табуға дайынсыңдар ма?

Good luck! — Іске сәт!

 

Амандасып үйренейік

Ні — Сәлем

Ноw  аге уоu? — Қалың қалай?

I аm fine, thanks, аnd уоu? — Жақсымын, рахмет, өзің қалайсың?

{Досыңмен ағылшынша амандасып үйрен. «Сәлем — сөздің анасы» демекші, біз тіл үйренгенде ең бірінші амандасудан бастауымыз керек}

 

Пaнданың достарына өзінді танстыр:

  

Неllо, I аm Dana    

Неllо, I аm Вегік

Ні, Iam Gulnaz

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 14:58

Шәуілдір атауы қалай шықты?

Ертеде Бұзық қаласын (қазіргі Темір ақ қорға, Бозықтөбе) Мұрындық атты хан билепті. Ол өте  қатал, айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей жан екен. Бірде қаладағы Беген өзенінен су тартылып,  қала тұрғындары бір тамшы суға зар болыпты. Сол кезде Мұрындық хан: «Кімде-кім қалаға су  жеткізетін болса, соған қызымды беремін», — деп жар салыпты.

Мұрындықтың Дүрия есімді айдай сұлу қызы бар екен.

Көркіне ақылы сай Дүриядан қаланың бар кәрі-жасы тегіс үміткер болып, олар қалаға су әкелу  жұмысына бар ынтасымен жұмылыпты. Алайда су жеткізу ешқайсысының қолынан кел- месе  керек. Сол ауылда Мұрындықтың жылқысын бағатын Шэміл есімді көрікті, батыр тұлғалы жігіт  бар екен.

Шэміл мен Дүрия бір-бірін өте жақсы көріпті. Бірақ сезімдерін жария етуге бірінің кедей жігіт, екіншісінің бай қызы екендігі бөгет болыпты. Расында, тігерге тұяғы жоқ, сіңірі шыққан кедейге қай бай қызын берсін. Осыдан барып Дүрия әкесіне Шәмілді ұнататынын айтуға аузы бармайды. Айтқан жағдайда, сүйген жігітінің мойнына қыл арқан түсетіні анық. Ханның қалаға су әкелу туралы жарлығын естігенде, Шәміл қатты қуанады. «Дүрияға қосылудың бірден- бір жолы осы» деп ойлайды. Ол үлкен кетпен жасатыпты. Арыс өзенінің жағасына келіп, тездетіп іске кіріседі.

 Күн-түн демей арық қазады. Тек бір өкініштісі, он бес шақырымдай жүргенде кетпен бір қатты затқа соғылып, сабы сынып кетеді. Кетпеннің сабы тораңғыл ағашынан жасалған екен. Ызаланған Шәміл сынған сапты бес бөліп, лақтырып жіберсе, ол бес таяқша болып жерге шаншыла түседі де, біраз уақыт өткесін, көктеп шығады. Кейін сол жерде бес ағаш өсіп тұрады. Содан халық ол жерді «Бестораңғыл» деп атап кетеді. Шәміл кетпенін қайта саптап, жұмысын жалғастыра береді. Отыз шақырымдай арық қазып, Бұзық қаласына су алып барады. Шөліркеген халық суға қанып, шаттыққа бөленеді.

Алайда Мұрындық хан өзінің уәдесін орындамайды. Қызын алып, Отырар қаласына қарай қашады. Бірақ оны Шәміл Отырарға жеткізбей, қуып жетіп, Дүрияны күшпен тартып алады. Содан кеткен екі жас ну орманды паналап, күн кешеді. Аң аулап, жеміс- жидекті қорек етеді. Мұны естіген хан ашуға мініп, арттарынан әскерін жіберіп, екеуін табанда өлтіртеді. Міне, осы екі ғашық паналаған жерді жұрт «Шәміл мен Дүрияның ауылы» деп атап кетіпті. Уақыт өте келе бұл атау қысқартылып «Шәмілдүр», артынан дыбыстық өзгерістерге ұшырап «Шәуілдір» атанған деген сөз бар.

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 14:48

Отырартөбе

Отырартөбе — талай тарих пен сырды ішіне бүгіп жатыр. Тарихтан білетініміздей, алғашқы қала қонысы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырға жатады. 737-748 жылдары Қаңлы-Тарабанды арабтар жаулап алады. Сол кезде ғылым мен мәдениеттің орталығына айналған. Ал Қарахандар әулеті билік құрған заманда, яғни, ХІ-ХІІІ ғасырларда қала өсіп-өркендеген. Өкініштісі сол, гүлденген қаланы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы бастаған моңғол әскерлері 6 ай бойы қоршап, кейін қиратылып, біраз уақытқа құлдырайды. XII ғасырдың ортасында қайтадан ірі сауда орталығына айналып, XVIII ғасырдың ортасына дейін жалғасады.

Ал Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын 1904 жылы түркістандық археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К. Кларе мен А.А. Черкасов жүргізген екен. 1991 жылдан бері қазба жұмыстарын К.М.Байпақов басқарады. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қалажұртын консервациялау жэне сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жоба барысында Отырар қаласының орнында аршылған тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 12:02

Қалай жақсы оқушы атанды?

Ойнап жүрген Тышқан көзілдірік тауып алды. Ол дереу ініне келіп анасына:
— Анашым, мынаны қара, — деп көзілдірікті көрсетті.
—Бұны қайдан алдың?—деп сұрады анасы. —Тауып алдым, — деді баласы.
— Бұның не екенін білесің бе? — деп анасы сынайқарады.
— Жоқ, бұл не, әйнек пе? — деп баласы көзілдірікті айналдырып қарады.
— Сабақты үнемі жақсы оқып жүретін, тәртіпті балалардың досы, көзіне киетін дүниесі. Байқаусызда түсіп қалған ғой. Алған жеріңе апарып таста. Кейін иесі сол жерден іздеп тауып алады,—деді ана.

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 11:02

Құмырсқа мен шегіртке

Баласын жем іздеуге баулып жүрген Құмырсқа пісіп тұрған бидайдың басын иіп алып жеп тұрған шегірткеге кез болды. Онымен:

— Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен еңбек етіп пісірген бидайын сен қалай рахаттанып жеп тұрсың? — деп сұрады.

— Осыншама жерді алып жатқан бидайдың бір түйірін жесем Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ,—деп жауап берді Шегіртке. Бастары жұлым-жұлым боп қалған бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша- паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.

Сәрсенбі, 09 Тамыз 2017 15:31

Әкеме

Асқар таудай әкешім,
Біздің үйдің тірегі.
Әкем менің қашан да,
Бізді мақтап жүреді.
 
Жіберсек біздер қателік,
Үнемі бағыт береді.
«Бөбегім» деп мәпелеп,
Әрдайым қолдап жүреді.
 
Әкемізді қашанда,
Өнеге, үлгі тұтамыз.
Керек қой әке балаға,
Осынау үлкен ғаламда.

Тәуелсіздік – қандай керемет сөз десеңші! Осы сөзді естігенде ең алдымен көзіме көгілдір аспанда қос қанатың көкке жайып ұшқан тәуелсіз қыран елестейді. Менің бала көңіліме дүние жүзіндегі ең бақытты тіршілік иесі осы қыран секілді сезіледі. Сол қырандай мен де Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекеттің бақытты ұланымын! Мен тәуелсіздігімді мақтан етемін. Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-апаларымызға басымды иемін. Біздер тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегенімізді білеміз. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарды ақтау үшін көп еңбек еткен жазушы ағамыз: Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» поэмасын оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды. Сол кезден қазіргі кезге дейін тәуелсіз дамып өркендеген мемлекетпіз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын бірге қалайық. Ол үшін оқуымызды жаксы оқып, алдымызға үлкен мақсаттар қойып, сол арман-тілектерімізге жетуге талпынуымыз қажет. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік!

Алиева Гүлнұр
Орал қаласы, Шыңғырлау ауданы

Сәрсенбі, 09 Тамыз 2017 15:30

Мәншүк Маметоваға

Соғыстың дәмін тартқан зардаптарын,
Қыз болсақ та көтеріп, салмақтарын.
Қазақ қызы қаһарман Мәншүк апам,
Есімін мақтан тұтып ардақтадым.
Асынып қаруларын қан майданда,
Соғысқа тым бекініп сайланған ба?
Ерлігімен қазақ үшін басын тікті,
Өз жанын сақтауды ол ойланған ба?
Шығыстың ақ шынары топ жұлдызы,
Соғыстың бұйырды ғой дәм мен тұзы.
Қазақ үшін қан майданға араласып,
Батылдығын танытқан қазақ қызы.

Дүйсеш Нұрай 11 жас
Қызылорда облысы,
 Жаңақорған ауданы

Сәрсенбі, 09 Тамыз 2017 15:29

Аялы маған алақаны анамның

Мен сүйікті журналым «Балалар әлемімен» өзімнің жақсы жаңалықтарыммен бөліскім келеді. Балалар шығармашылығын дамыту, қолдау және олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Нұрлы жастар» республикалық орталығы 2016 жылы қазан айының 24-27 аралығында Алматы қаласында республикалыцқ «Жастар жаққан жұлдыз» шығармашылық конкурсын ұйымдастырған болатын. Байқауға қатысқан өнерлі балалар шығаршылық жетістіктерімен алмасты. Конкурс қорытындысы бойынша мен көрме номинациясында II дәрежелі лауреат дипломымен марапатталып, медальға ие болдым. Байқау балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеуде маңызы зор шара болды деп есептеймін. 2017 жылдың 20-наурызында «Аялы маған алақаны анамның» атты балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық көркем сөз, ән-би, шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың анаға деген махаббатын арттырып, ана мейірімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана алдындағы балалық парызды ұғындыру. Байқауға еліміздің барлық өңірінен көркем сөз оқу шеберлігін игерген, дәстүрлі ән орындайтын әнші, биші, ақын, қандай да бір аспапта ойнайтын талантты оқушылар қатысты. Мен өз мектебім атынан көркем сөз номинациясы бойынша қатысып, үздік деп танылып, 1-жүлдеге ие болдым, дипломант атандым. Мені өнерге баулып, бойымдағы дарынымды жетілдіріп жүрген, Жүсіп Баласағұнның: «Әр бала жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген сөзін ұстанатын ұстазым, сынып жетекшім Жүнісова Фариза Тілеуқабылқызына алғысым шексіз. Мен алдағы уақыттарда да білім мен өнердің биік шыңдарын бағындырамын деп сенемін.

Ким Томирис
№177 жалпы білім беру мектебі
2 «в» сынып оқушысы, Алматы қаласы

Page 1 of 2
онлайн флеш игрынародная медицинадиеты